Д. Ахметов: «Маған мұндай есеп-қисап қызық емес»
Облыстық әкімдікте кеңейтілген аппарат отырысында қысқа дайындық барысы мен төтенше жағдайлардың алдын алу жайы қаралды.
Облыстағы автожолдардың қысқа дайындығына тағы да әр түрлі бюджет көздерінен қыруар қаржы бөлінгелі отыр. Алайда қаржы жеткілікті деңгейде бөлініп жатқанымен, жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан бірқатар мәселер бар. Сонымен Шығыс Қазақстан облысындағы автокөлік жолдары қысқа дайын ба?
Следующая →
- Құбырлар мен көпірлерді тазалау жұмыстары, тайғаққа қарсы және мұзды ерітетін, қарды ұстап қалатын тірек материалдар, жылыту пунктілері дайындалып жатыр. Жалпы облыстық, республикалық маңызы бар жолдарды ұстауға, сондай-ақ, елді мекендердегі көшелердің қысқа дайындығына 1,7 млрд теңген қарастырып отыр. 808 бірлік техника сақадай сай тұр, қосымша көмек бойынша қазір кәсіпорындармен келіссөздер жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта қысқа дайындығымыз 91%, - дейді облыстық Жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бсқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов.«Сақадай саймыз» дей тұрғанмен, қаңтар мен ақпан келісімен, бұрқасын болып, жолдарды көру деңгейі төмендеп, жол бойында автокөліктер тіреліп, не ары, не бері еместің күйін кешетін жағдай жиі орын алады (Өскемен-Шемониха Өскемен – Алтай, Қалбатау – Көкпекті, Алматы-Өскемен тасжолдарында) және ол мәселе жыл сайын бар. Облыстық, республикалық маңызы бар жолдарда көбінесе «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ кәсіпорны қызмет етеді. Олар да өз техникалары бүгінде дайын деп санайды.
- Әр жылы осылай дейсіздер, бірақ әр жылы бір оқиға қайталанады. Мәселен, Көкпекті - Жарма, Аягөз - Жарма автожолдарының аумағы қыс түссе, бәрімізді әуре-сарсаңға салатынынын барлығымыз білеміз. Қар борап тұрып, адамдарды өткізіп жібереміз, кейін жол жабылғанда 50-70-тей көлік төтенше жағдайдың эпицентрінде қалып қояды. Бұл мәселеден қалай құтыламыз? Неге біз ол адамдарды еретек тоқтата алмаймыз? Ауа райы қолайсыз болғанда адамдарды кіргізбейтіндей не істеуге болатынын түсіндіріп беріңіздерші. Төтенше жағдай кезінде құтқарушылардың өмірін қатерге тігіп, көзсіз батырлыққа балаудың қажеті жоқ. Ол дұрыс емес, - деп кесіп айтты облыс әкімі Даниал Ахметов.Расымен де, соңғы 10 жылды талдасақ, осы 4 аумақтағы мәселе жыл сайын алдыдан қутыңдаған түлкідей шыға келеді. Мәселе техникада емес, мәселе – төтенше жағдай кезінде құзырлы органдардың алгоритімінің дұрыс жұмыс істемеуінде.
- «80, 90 пайыз» деген дайындықтарыңды айтып, есеп бересіздер. Бұның барлығы - шындап келгенде ешкімге керегі жоқ. Маған, тіпті, бұл сандар қызық емес. Маған неліктен алгоратим дұрыс жұмыс істемейтінін түсіндіріп беріңдерші?Егер арнайы жедел байланыс орнату, ұйымдастыру, тәуліктік радио-байланыс құрылғыларға қаржы бөлу мәселелері болса, оны да бөлейік. Маман жеткіліксіз болса, оны да қарастырайық. Тек маған ұсыныс айтыңдар: уақытында жолды жауып, ешкімді ол аумаққа кіргізбес үшін не істеуге болады? Әйтпесе, түнімен, күнімен телефоннан түспей, жан-жақтан уайымға түсеміз, - деген аймақ басшысы ешкімнен мардымды жауап ала алмай, Төтенше жағдайлар бойыынша департамент, «Шығыс жол» ЖШС, Жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасынан 10 күн ішінде бұл мәселені бірлесіп шешуді тапсырып, арнайы ұсыныс күтетінін айтты.
Тақырыптар:
Автомобильный затор Аким ВКО Даниал Ахметов Руководитель Управления пассажирского транспорта и автомобильных дорог ВКО АО "НК "КазАвтоЖол"