Полиция "Сергек" камераларын скотчпен жауып тастаған бұзақыны ұстады
ШҚО Полиция департаменті Өскемен қаласында жақында орын алған камераға қатысты мәселеге жауап берді
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, бұны істеген жігіт осы әрекеті арқылы қоғамды құрметтемейтінін дәлелдеді және қоғамдық тәртіпті бұзды.
Бұл оның соңғы бұзақылығы емес екен. Жақында полицияға қала тұрғындары белгісіз ер адамның іш киіммен көшеде жүргенін хабарлаған. Анықталғандай бұл сол камераларды скотчтап жүрген азамат екен.
Қазір 28 жастағы бұзақы полиция қызметкерлерінің қолына түсті. Ол жұмыссыз қала тұрғыны екен. Оған ҚР ӘҚК "Шағын бұзақылық" 434-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.
- Әкімшілік құқықбұзушылық туралы 4 хаттама толтырылды. Материалдар сотқа өтті. Енді бұзақы әкімшілік қамауға алынғанша айыппұл төлеуі мүмкін, - деп мәлімдеді мекеме.