500 теңгелік жалған ақша жасап алған
Шемонаихада несиесін өзі үйінде жасап алған жалған ақшамен төлемек болған 23 жастағы жігіт істі болды
Бұл әрекетінің қылмыстық іске жататынын білмесе керек, жас жігіт 500 теңге номиналды 11 жасанды бонкнот жасап алған. Бірақ купюралардың барлығына бір нөмірді қолдана салған.
Ал ақша айналымға "несие берушіден" тараған. Ол ақшаның жалған екенін білмей, дүкенде жасаған саудасының ақысын төлеген. Ал 500 теңгеліктердің ресми банкнотқа сәйкес келмейтінін аңғарған дүкен сатушысы полицияға хабарласқан.
Тәртіп сақшыларының қолына сатушы тек 7 купюра тапсырған. Ал негізі сатып алушы 10 купюра берген екен. Демек қалған үшеуі қолдан қолға тарап кетті.
Жалған ақша жасап, елді алдаған азамат екі жыл шартты мерзім алды.