Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Эколог мамандары ауаны көбінесе кімдердің ластайтынын айтты

Экологиялық қауіпсіздік орталығының бастамасымен өткізілген "Поймай вонючку" акциясы өз нәтижесін беруд. Қазірдің өзінде бірнеше кәсіпорында тексеріс жүргізілуде.

Акция 20 қыркүйекте басталды. Осы уақыт ішінде экологтарға жүзге жуық өтініш келіп түсті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Олардың тең жартысы шамадан тыс түтін шығаратын көліктерге, қалғаны - кәсіпорындардың қызметіне бағытталған.

- "Поймай вонючку" акциясын облыстық экология департаменті мен қалалық полиция басқармасы қолдап отыр, - дейді ЭҚО маманы Елена Полянцева. - Егер қандай-да бір өтініш олардың құзыретінде болса, біз мәліметтерді осы департаментке жібереміз. Полиция, әдетте, нормадан тыс түтін шығаратын автокөлік құралдарымен айналысады. Экология департаменті қаланы түтіндететін кәсіпорындардың қызметіне қатысты тергеулер жүргізуде.

Сонымен, экология департаментінің мамандары қарап отырған жоқ. Олар қазірдің өзінде облыс орталығының екі кәсіпорнына тексерістерді бастады: олардың бірі тамақ өнеркәсібіне қатысты, екіншісі - жол салу нысаны.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта мамандар тағы екі тексеруге дайындалуда.
Следующая →