Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде жыл соңына дейін шамамен 700 жаңа пәтер дайын болады

Желтоқсанның аяғында қалалық құрылыс бөлімі 13 үй мен 16 инфрақұрылымдық жобаны пайдалануға беруді жоспарлап отыр.

Қазіргі уақытта құрылысшылар 26 көп пәтерлі үй салып жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

25 инженерлік коммуникация нысандарында жұмыс жалғасуда. Сонымен қатар, тоғыз ауданда 6478 жер учаскесі жеке тұрғын үй құрылысына бөлінді.

Үш ауданда қазірдің өзінде сумен жабдықтау және электр желілері тартылуда. 28-ші тұрғын үй алқабында жеке тұрғын үй құрылысының пилоттық жобасы жүзеге асырылуда. Мұндағы барлық ғимараттар бірдей сәулет стилінде болады. Алғашқы 54 үй салынып бітті.
- Бюджеттік қаражатқа салынған үйлерді тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің несиелік бағдарламалары арқылы тұрғындарға сатылады, - деп түсіндірді Өскемен қалалық әкімдігі. - Ауданда жаңа үйлер салынатын болады. Бұл үшін барлығы 1000-нан астам жер учаскелері қарастырылған. Бүгінгі таңда 262 отбасы тұрғын үй сатып алуға ниет білдірді, олар тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне төлем қабілеттілігін растау үшін жолдама алды.
Жоғарыда аталған жобалар «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы бойынша жүзеге асырылуда.
Следующая →