Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Татьяна Золотарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде әлеуметтік көмірдің тек 50%-ы сатылған

Бұл туралы қалалық ТҮКШ, жолаушлыар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Еркін Тұраров айтты

Қалалық әкімдік әлеуметтік көмірді бірінші рет ұйымдастырып отырған жоқ.

Бұл жолы шенеуніктер тағы да сол "Қаражыра" АҚ-мен меморандумға отырған. Әлеуметтік әлсіз топқа жататын тұрғындар үшін маусым айының аяғынан бастап көмірдің тоннасы 8750 теңгеден сатылды. Бұл әдеттегі бағадан 450 теңгеге арзан.

Бүгінгі таңда 40 мың тонна әлеуметтік көмірдің тек жартысы сатылған. Ал қала әкімі Жақсылық Омар күзгі сергелдең басталмай тұрып, жаз бойы әлеуметтік аз қамтылған топ көмірмен толық қамтылуы керектігін айтқан.

Өскемен қалалық Ауған соғысы ардагерлері ұйымының төрағасы Сергей Денякиннің айтуынша, бұл жақсы көрсеткіш.

- Тұрғындардың көбі жыл басында қосымша көмір сатып алды да, ол көмір әлі де бар, - дейді төраға. - Меморандум сәуір айына дейін жасалған. Сатып алмағандар үлгереді. Қазір кезек күтіп сергелдеңге түсіп жатқандар жоқ. Көмір сапасы да жақсы.

Жақсылық Омар халықты әлеуметтік көмір туралы құлақтандыру қарқынды жүруі керектігін айтады. Қараша айында дейін әлеуметтік көмірмен әлеуметтік әлсіз топтардың барлығы 100% қамтылуы керек.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік көмір алуға аз қамтылған азаматтар, мүмкіндігі шектеулі жандар мен ҰОС қатысушылары, интернационалист жауынгерлер, ЧАЭС апаты салдарын жоюға қатысқандар, жасы бойынша зейнетке шыққандар, 1-2-топ мүгедектері, көпбалалы отбасылар, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар, толық емес отбасылар.


Следующая →