Өскеменде ер адам шаурма дүңгіршегін тонаған
Дәмханаға келуші аспаздың ұялы телефонын ұрлаған. Жәбірленуші үстел үстінде тұрған ұялы телефонын таппай, оқиға туралы полицияға мәлімдеген, - деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі
Өскемен қаласының Үлбі полиция бөлімінің жедел уәкілі тез арада облыс орталығының 41 жастағы тұрғынын ұстады.
- Ұсталған азаматқа қатысты 188 - бабы "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды ШҚО ІІД баспасөз қызметі. - Ұялы телефон тәркіленді.
Айыпкер ісі дәлелденсе мың АЕК (2,5 миллион теңгеге дейін) көлемінде айыппұл төлейді.