Оңай олжа орға жықты
Семей қаласының тұрғыны алаяқтың "қомақты мөлшерде несие алып беремін" деген сөзіне алданып, опық жеді
Зардап шеккен келіншектің айтуынша, өзін алдап кеткен ер адаммен мамыр айында танысқан.
Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бейтаныс азамат 51 жастағы келіншектің сеніміне кіре отырып, екінші деңгейлі банктердің бірінен қомақты сомада несие алып беруге уәде еткен. Бұл қызметі үшін алдын ала 200 мың теңге алып та қойған.
Бірақ одан бері бес ай өтті, ал несие рәсімделмеген.
Қысқа уақыт ішінде полиция қызметкерлері күдіктінің кім екенін анықтады.ол бұрын істі болмаған, 30 жастағы жұмыссыз қала тұрғыны болып шықты.
- Азамат өзінің істеген ісін мойындады, ал алған 200 мың теңге қаржыны жұмсап тастаған, - деп мәлімдеді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда "Алаяқтық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.