Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемен қаласының әкімі ҚТҚ полигонында өртті қалай болдырмау керектігін айтты

Қала әкімі мамандармен бірге өрт орнына барып жақын арада өрт сөндірілетіндігіне уәде берді

Естеріңізге сала кетейік, Өскемендегі полигон өткен түннен бері өртене бастаған. Қала аспанын түтін басып, адамдар күйік иістен тұншыға бастаға. Облыс орталығының әкімі Жақсылық Омардың айтуынша, өрт сағат 23.00-де басталған. Қазір арнайы құрылған штаб жұмыс істеп жатыр.

- Өрт сөндіру орнында 30 бірлік техника мен 90-ға жуық адам жұмыс істейді, - деді әлеуметтік желілердегі өз парақшасында Жақсылық Омар. - Қатты жел өрт сөндіруге кедергі жасайды. Жұмысты күшейтеміз, жақын арада өртті сөндіреміз. Мұнда қажетті күш тартылды, штаб жұмыс істейді.

Алайда, әзірге бықсыған қалдықтар жүздеген метрге жағымсыз иіс таратуда. Экологтарға тұрғындар тарапынан ондаған өтініштер келіп түскен, қалалықтар ащы түтіннен тұншығып жатыр. Бұл полигондағы алғашқы өрт емес, бір ай бұрын осындай тағы бір өрт болған еді.

- Қоқыс жыл сайын жанады, біз де қол қусырып қарап отырмаймыз. ЕҚДБ-мен бірлесіп қоқысты қайта өңдеу зауытын салу мәселелері бойынша жұмыс жүргіземіз. Жыл соңына қарай нақты жобалар дайын болады, - деп сендірді Жақсылық Омар. - Қарашаға дейін техникалық – экономикалық зерттеулер жүргізіледі. 



Следующая →