Риддер құтқарушылары жоғалған Семей тұрғынын тапты
53 жастағы азамат орманға жидек теруге бірге барған тобынан көз жазып, адасып қалған
Дегенмен ұялы телефонынан қоңырау шалып, өзінің қай аумақта жүргенін айтқан. Ал орманға бірге барған топ дереу құтқарушыларға хабарлаған. Ал Риддер ТЖБ қызметкерлері орманға келгенде жоғалған азаматтың телефонына қоңырау бармай қалған. Сол үшін өз күштерімиен іздей бастайды.
- Достарының бірі жоғалған азаматұа тауға қарай бетте деп кеңес берген екен. Жақын маңдағы тау басына шығып, төңіректі барлау үшін, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. - Дегенмен жоғалған азамат орманда қонуға мәжбүр болды, ол келесі күні түскі уақытта табылды.
Лагерьден 10 шақырым жерде жүрген екен. Жағдай жақсы, медициналық көмек қажет болмады. Тек қарны ашқан.