Өскемен қаласының жас құтқарушылары туристік слетте үздік атанды
Облыстың барлық аудандарынан келген 18 команда бес күн бойы экстремалды пәндер бойынша сайысқа түсті
Шемонаиха қаласында "Өз жеріңді танып біл" жобасының аясында аймақтық туристік слет өтті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Облыстың барлық ауданы мен қалаларынан келген жас өрт сөндірушілер Үлбі өзенінің жағасында бес күн бойы сайысқа түсті. Әр күн сайын түрлі жарыстар бірнеше жерде тау, орман, Мэриина жартасы мен суда өткізілді.
- Ауа райы балалардың шеберлігін сынайды, жарыс уақытында күн сайын жаңбыр жауды, - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. - Жартасты өткелдер, параллельді таяныштар, техникалық трассалар, туристік эстафеталар, кросс-жорықтары мен тағы басқа да сайыс түрлерін сайысқа қатысушылар уақыт бойынша жүгіріп өтті.
Туристік слет барысында қатысушылар жарыс жолына шығудан өзге ән шырқап, дәмді ас әзірлеп, шағын би кеші ұйымдастырып, түрлі суреттерге түсіп үлгерді.