Өскеменде жас аналарға арналған клуб ашылды
Шығыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында оқушылармен қатар сәбиі бар аналар үшін де орын табылды
Кітапханада атап өткендей, аналардың уақытын қызықты және пайдалы демалуына барлық жағдай жасалған. Мұнда ойынға арналған және жайлы қонақ бөлмесі де бар, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
"Білімге құштар аналар клубының" басты мақсаты - балаларды тәрбиелеуге қатысты түрлі мәселелер бойынша қарым-қатынас жасау және тәжірибе алмасу.
Сондай-ақ, мұнда жас отбасылар үшін бірлескен бос уақыт ұйымдастырылады. Мысалы, қолданбалы шығармашылық дағдыларын алуға немесе спорттық жарыстарға, сайыстарға қатысуға болады. Жалпы кездесу аясында психолог, педиатр, косметолог және басқада дәрігерлерден кеңес алуға болады.
Бірінші жиналыс 20 қыркүйек сағат 15.00-де Космическая к-сі, 6/2 мекенжайында өткізіледі.