Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Татьяна Золотарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде Арбат ашылды

Қала күніне орай Бейбітшілік көшесі бойында жаңа демалыс орны ашылды

Арбаттың құрылыс жұмыстары сәуір айының аяғында басталған болатын.

Жарты жыл ішінде 20 мың шаршы метр жаяу жүргіншілер аумағы жөнделіп, жақын маңдағы үйлердің сыртқы келбеті жаңартылып, субұрқақ, спорттық жабдықтар, орындықтар қойылып, көше жарықтандырылған.

Арбаттың ашылуында ерекше мерекелік көңіл-күй салтанат құрды. Сыйқыршылар, суретшілер, музыканттар, бишілер сынды шығармашылық адамдары жиналып, келген қонақтарды талантымен таңдай қақтырды.

- Тек Өскеменде ғана емес, шығыстың басқа қалаларында да өмір сүру сапасын жақсарту үшін барлық жағдайды жасайтын боламыз, - деп атап өтті аймақ басшысы Даниал Ахметов. - Алғашқы жаяу жүретін көшені ашып отырмыз. Облыс орталығының мақтан тұтар орындарының біріне айналады деген сенімдеміз.

Арбат бойымен жүріп өткен облыс әкімі алдағы уақытта бұл көше ескі драма театр ғимаратына дейін ұзартылатынын атап өтті. Сонымен қатар, Новаторов және Буров көшелері арасында бульварлы айналма жол пайда болады.

Айта кетейік, мердігер компания барлық жұмыстарды Қала күніне дейін толық аяқтауға тырысқанымен, бітпеген іс әлі деп бар. Арбаттың жолына тақта т олық төселіп бітпеген, гүлдердің барлығын отырғызылмаған. Жұмыскерлер ашылу салтанатынан кейін жұмыстарды қайта жалғастырмақ.





Следующая →