Өскеменде үш бала жоғалып кетті
Екі сегіз жасар қыз бен тоғыз жасар ұлды жаяу патруль қызметкерлері тапты.
Жасөспірімдер Абай даңғылындағы аулаларды тексеру кезінде табылған. Балалар ойнап жүріп бейтаныс жерде адасып қалғандарын айтқан. Бірақ олар үйлерінің Назарбаев даңғылында екендігін мәлімдеген. Патрульдік полиция қызметкерлері "102" арнасына қоңырау шалып, балаларды стационарлық бекетке жеткізілетінін хабарлаған.
Сол кезде ата-аналары қатты алаңдап, балаларының жоғалып кеткендігі туралы полицияға хабарлаған.
Следующая →
Сол кезде ата-аналары қатты алаңдап, балаларының жоғалып кеткендігі туралы полицияға хабарлаған.
- Полиция қызметкері жоғалған балалардың қауіпсіз екендігін және стационарлық бекетте тұрғанын ата-аналарына хабарлады. Взвод командирі Ринат Хамитов, полиция лейтенанты Ренат Сейілханов және Әли Қасымханов балаларды үйлеріне қайтарды, - деп хабарлады Өскемен қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.