ШҚО-да 35 жастағы әйел төрт айдан бері іздестірілуде
Юлия Ермоленко тоғызыншы мамыр үйінен шығып кеткеннен кері оралмаған, қазір ол туралы ешқандай хабар жоқ
Мамыр айында облыс орталығының 35 жасар тұрғыны Белоусовка ауылындағы досына қонаққа барып, жоғалып кеткен, деп хабарлайдыУстинка LIVE.
LIDER.kz еріктілерінің айтуына қарағанда Юлияның басында жуық арада мұндай жағдай болмаған.
- Бірнеше жыл бұрын жоғалып кетіп, біраз уақыттан кейін қайтып оралған. Қазір оның он айлық баласы бар, - дейі LIDER.kz еріктілері.
Юлия Ермоленконың белгілері: бойы 165 см, көзі көк, тығыз денелі. Жоғалған күні қара түсті жейде, қара шалбар, қызғылт бауы бар көкаяқ киім киген.