Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка

Бородулиха ауданының әкімдігі қоқан-лоқы көрсетіп жүр

Жезкенттік кәсіпкер әлеуметтік желілерде аймақ басшысы Даниал Ахметовке аудан басшысының орынбасары туралы шағымымен жүгінді.

Антон Олейник - Жезкент пен Бородулихаға қызмет көрсететін коммуналдық серіктестіктің қожайыны. Ол жергілікті шенеуніктердің өз ісіне кедергі келтіріп жүргендері туралы қысқа бейне хабарлама түсірді. Ер адам аудан әкімінің орынбасары оның басына түскен қиындықтардың негізгі көзі деп атайды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
- Осыдан 3 жыл бұрын, бәрі ұйымдастырылған кезде, әкіімдіктен бір кісі келіп, бизнесті сатуды ұсынды, - дейді кәсіпкер. - Олардың ұсынысынан бас тарттым және осы сәттен бастап барлық кедергілер, яғни, рейдерлік басып алу басталды. Біз бітпейтін түсіндірме хаттар жазып, айыппұлдан көз ашпай келеміз. Енді бұған төзуге болмайды. Мен депутаттарға жүгіндім, бірақ мұның бәрі бекер.
Одан өзге бейнежазбада ер адам өзін бұрын мазалаған тағы екі шенеуніктің есімін атайды, олардың бірі, оның айтуынша, мемлекет қазынасынан ірі көлемде ақша жымқырғаны үшін жазасын өтеп жатыр, ал екіншісі - облыс әкімшілігінде қызмет атқаруда.

Облыс әкімі Даниал Ахметов көпшіліктің назарына ұсынылған бейне хабарламаға реакция білдіріп, ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жауап берді.
- Құрметті Антон Анатольевич, мен сізді естідім, - деп жазды Даниал Ахметов. - Сіздің үндеуіңізде бір аудан басшысының аты аталған. Бұл - біз үшін дабыл. Дереу және батыл әрекет етеміз. Дүйсенбіде «Нұр Отан» партиясының өкілдерінен тұратын комиссия, сондай-ақ қадағалау, құқық қорғау және уәкілетті органдар ауданға аттанады. Сіз де бұл жұмыс тобының жұмысына тікелей қатысатындарыңызды атап өтемін. Сонымен қатар, зейнеткер Гүлнар Өмірғалиева да осы Бородулиха ауданынан бірқатар шенеуніктердің жұмысына шағымданды. Ауыл тұрғындарының өткір проблемасы - орталықтандырылған сумен жабдықтаудың болмауы. Бұл үндеу қаралады.
Айтпақшы, жарияланған посттың астында кейбір пікір білдірушілер аймақ басшысын тек шенеуніктермен ғана емес, сонымен бірге тарифтерін үнемі көтеріп отырған коммуналдық қызметтердің жұмысын мұқият тексеруге шақырды. Адамдардың пікірінше, бұл көбінесе ақылға сыймайды.


Следующая →