Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Бес ауданда сарып ауруы дендеп тұр

Аймақта қазір сарып ауруына, мамандардың тілімен айтқанда бруцеллез ауруына шалдыққан мал басы 8 мыңнан асты. Тығырықтан шығар жол бар ма?

Бұрын ауылдағы мал дәрігері ауырған малды емдеп жазатын. Бүгінде мұндай мамандардың ауру малды тек союмен және жоюмен ғана айналысып отырғаны ащы да болса шындық.

Кеңестік кезеңде жануарларды емдеуге дәрі-дәрмектер мемлекеттен бөлініп келген, қазіргі кезде мал иелері қойылған диагнозға байланысты дәрі-дәрмектерді өздері сатып алуы қажет. Ал бұған олардың қаржылай мүмкіндіктерінің шектеулілігі әрі бірсыпыра ауылдық жерде малдәрігерлік дәріханалардың да болмауы малды емдеу ісіне кері әсерін тигізіп отырғаны тағы бар. 2019 жылдың басынан бері 8 жарым мың ірі қара бруцеллез ауруына шалдыққан. Оның ішінде:

Тарбағатай ауданында - 2600

Көкпекті ауданында - 1991

Күршім ауданында - 1670,

Зайсан ауданында - 1624,

Ұлан ауданында - 765 бас,

Шетелден әкелген (мемлекеттік бағдарламамен) - 16 бас ірі қара мал бруцеллез ауруына шалдыққан.

Малдарды жою мен сою?

Облыстағы тағы бір шаруашылық бруцеллез ошағына айналды. Тарбағатай ауданындағы 100-ге жуық асыл тұқымды мал басынан осы індет таяқшалары табылған. Мал басын асылдандыру бағытындағы ұзақ жыл еткен есіл еңбектің еш болғанына Мейіржан есімді шаруа қапалы. Ерекше күтімдегі малға бұл кеселдің қайдан тап болғандығын ешкім дәл басып айта алмайды. Ветеринарлар мал бақылаусыз жүргеннен болуы мүмкін деген болжам жасайды. Ал шаруашылық мамандары оны жоққа шығарып отыр.

- Мал болғасын жүрмей тұра ма? Оның үстіне бұлар алысқа жайылады. Көзбен көрмеген соң бәлен деп болжам айту қиын, - дейді ШҚ иесі Мейіржан. - Бұрын кеңшар-ұжымшарлардағы малдардың жемшөбі жеткілікті етіп дайындалып, қыс мезгілінде құрама жем сияқты құнарлы азықтармен қамтамасыз етілетін. Мал рационына жауап беретін арнайы мамандар да жеткілікті еді. Ал қазір...

Қазір жеке шаруашылықтағы малдар қолжетімді, құнарлылығы күмәнді шөп, сабан, тағы басқасымен азықтандырылады. Кейбір жерлерде қыстың аяғына қарай жемшөп тапшылығынан малдар, тіпті, көтерем болып жатады. Осы сияқты себептердің мал ағзасының әлсіреуіне, олардың әртүрлі ауруларға төзімділігінің төмендеуіне әкеліп соқтырары сөзсіз.

- Заңға сәйкес дезинфекциялау жұмыстары мал иелері есебінен жүргізіледі. Жоспарлы жұмыстар атқарылып жатқан сауықтыру шарасы қойылмаған жерде мал иесінің өзі дезинфекцияға қажетті құрал-жабдықтарды өз қаражатына сатып алады. Бірақ жұмыстарды ветстансаның қызметкерлері жүргізеді. Ауладан ауру мал шыққан болса, мал иесіне нұсқама беріледі. Яғни, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық дәрігері мал иесіне ауырған жануарды басқа жануарлардан күнтізбелік 15 күн ішінде оқшаулау туралы нұсқау береді және осы уақыт аралығында санитарлық союды бақылайды. Ауру малды 15 күннің ішінде арнайы ет өңдеу кәсіпорнына тапсырып, қораны тазарту керек, - дейді облыстық Ветеринария басқармасы басшысының м.а. Ертай Батхолдин.

Ал егер бруцеллез ауруына шалдыққан жануарлар санитарлық союға және консерві өнімдеріне жарамсыз болса, мал иесінің жазбаша түрдегі өтініші арқылы утилизацияға жіберіледі. Аурудың алдын алу үшін жануарларды жыл сайын жаппай зертханалық тексеруден өткізеді. Ал сойылған бруцеллез малдың еті қайда жіберіледі және одан өндірілген өнім адамға қаншалықтықауіпті?

- Ережеге сәйкес, бруцеллез ауруымен ауырған ірі қара малының, шошқаның, түйенің, жылқының ет ұшасы мен ағзаларында патологоанотомиялық өзгерістер болмаған кезде ет 12 сағат тұрғаннан кейін шектеусіз сатылымға шығарыла береді. Ауру мал ет комбинатында арнайы жерде сойылып, одан кейін ет арнайы технологиялық өңдеуден өткізіледі. Шыққан өнім адам денсаулығына қауіпті емес. Бұл тек біздің өңірге тән емес, әлемдік тәжірибедегі қолданылатын әдіс. Ұша мен мүшелерінде патологоанотомиялық өзгерістер анықталған жағдайда, шұжық және консерві өнімі ретінде шығарылады, - дейді Ертай Батхолдин.

Мал қозғалысы көп, ол бақыланбайды

Сонымен қатар, басқарма өкілінің айтуынша, аймақта аурудың көптеп таралуына мал иелерінің жаңадан сатып алынған жануарларды мал дәрігерлеріне уақытылы хабарламай, карантинге қоймауы, малды өсіргенде қора жайлардың тазаланбауы, ветеринарлық-санитарлық талаптарға сай ұсталмағандығы себеп болып отырған көрінеді.

- ҚР "Ветеринария" туралы заңының 25-бабында мал иесінің мойнына артылған міндеттер көрсетілген: "Жеке және заңды тұлғалар ҚР-ның ветеринария саласының заңдарымен белгіленген жануарлар ауруларының алдын алуды және орны ауыстырылатын объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ветеринарлық (санитарлық) ережелерді сақтай отырып, ветеринарлық және әкімшілік шаруашылық іс-шараларды жүзеге асыруға міндетті" делінген. Сондай-ақ, "Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау органдарына жаңадан сатып алынған жануарлар, туған төлдер, олардың сойылғаны мен сатылғаны туралы хабарлауға тиісті" екендігі көрсетілген. Міне, осы заң аясында мал иелері малдарды қатаң қадағалап, тасымалданатын малдарды жергілікті мамандарға ескертіп, тексертіп отыруы тиіс, - дейді ол.

Алайда бұл талап көбіне орындала бермейді. Себебі мал иелерінің айтуынша, тізеден келетін көңнің үстінен дизсұйықтықты шашып кеткеннен ешқандай нәтиже болмайды. Ал нұсқама орындалмаса, мал иесіне Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі бойынша тиісті шара қалданылады. Айыппұл көлемі 50 АЕК-тен басталды, екінші мәрте қайталанса, 100 АЕК шамасында.

Құжатсыз сатып жібергендер бар

Күршім аудандық Ветеринария бөлімінің жетекшісі Талғат Жампейісов сарып ауруының ахуалына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, ауылда сарыпқа қарсы жасақ жұмыс жүргізіп жатыр. Арнайы қызметкерлер әр 15-20 күн сайын диагностикалық зерттеулер жүргізеді. Ауру малдарды анықтағаннан соң оларды оқшаулап, санитарлық мақсатта союға тапсырады. Бюджеттен жалпы мал бағасының 30 пайызы ғана төленеді, қалғаны - ет өңдеуші кәсіпорынның мойнында.

- Бүгінге дейін жалпы 54 мыңдай ірі қара мал тексеріліп, кейбір аймақтарға шектеу қойылды. Атап айтқанда, Құйған, Топтерек, Қалжыр, оң жақ Қалжыр, Тақыр, Боран, Қарашілік, Шанағат ауылдары - карантин жарияланған аймақтар болып табылды, - дейді Талғат Батырханұлы.

Мәселен, Қалжыр ауылында сегіз адам ауру малдарын ешқандай анықтама құжатсыз сатып жібергені белгілі болды. Олардың барлығы анықталып, 31 563 мың теңге көлемінде айыппұл төлеп, жазадан оңай құтылып кеткен.

Ал Тарбағатай аудандық ветеринария бөлімі басшысының міндетін атқарушы Р. Алимбаев "Мал есебі дұрысталмай, малдан 100% қан алынбай, бруцеллезбен күресу мүмкін емес" дейді.

- Мал қозғалысы көп, ол бақыланбайды. Ауылдық жерлерде салық салынады деп халық мал санын дұрыс бермей, жасырып қалады. Қазір малға салық салынбайды. Ауыл-аймақ арасындағы мал қозғалысы тек мал дәрігерінің рұқсатымен болуы керек. Мал дәрігерінің рұқсатынсыз мал сатып алуға болмайды, яғни, мал сатып алатын жақтағы ахуал қандай екенін білген жөн. Шектеу қойылған жерден мал алуға мүлдем болмайды. Бұл кеселді бір жылдың төңірегінде жоя алмаспыз. Халық арасында түсіндіру жұмыстарын, мал дәрігерлері зерттеу жұмыстарын жүйелі, нәтижелі жүргізетін болсақ, түгелдей құтылмағанмен, бруцеллезге шалдығу фактілерін азайтуға болады, - дейді Р. Алимбаев.

Иә, бұл бағыттағы іс-қимыл, атқарылған шаралардың барлығы бірінші кезекте азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етпек. Жалпы, ветеринария мал шаруашылығының ең беделді саласы болып табылады. Себебі, ветеринария дұрыс жолға қойылса, мал ауруға ұшырамайды. Ал сау малдың етін жеп, сүтін ішкен адам аурудан алыс болады.


Следующая →