Бұқтырма су қоймасына кәріз суы құйылып жатыр ма?
Осыдан бір ай бұрын "Аквамарин" демалыс орталығының қожайыны Валентина Акентиева Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовке шағымданған
Аймақ басшысы Шығыс Қазақстан облысы экология департаментінің мамандарына Бұқтырма су қоймасының суын тексеруді тапсырды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Мекеме басшысы Дмитрий Кавригин облыс әкімдігінде өткен жиында "Көгілдір бұғаз" демалыс базасынан аққан тазартылмаған ағынды сулардың су қоймасына жіберу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.
- Мамандар Бұқтырма су қоймасындағы су сынамаларын алып, тазарту қондырғыларының жүйесімен танысты, - деді Дмитрий Кавригин. - Жүйе жұмыс істемейді деп толық сеніммен айта аламыз. Тексеру кезінде құбырлар құрғақ болды, нормативті құжаттарға сәйкес, "Көгілдір бұғаз" демалыс орталығынан екі шақырым қашықтықта орналасқан қоқыс төгінділерінен де үлгілерді ала алмадық. Енді олардың қайда кетіп жатқаны белгісіз.
Өңір басшысы Даниал Ахметов демалыс орталығының канализациялық ағындары қайда кететінін анықтауға тапсырма берді.