Өскеменде жоғалып кеткен жігітті іздеу жұмыстары тоқтатылды
Кеше бір айдан астам іздеуде болған облыс орталығының тұрғынының қайтыс болғандығы анықталды
Сергей Золотухин жетінші шілде күні Защита ауданында жоғалып кеткен болатын, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Кеше LIDER.kz еріктілері іздестіру жұмыстары тоқтатылды деп хабарлады. 29 жастағы жігіт қаза тапты. Қайтыс болу себебі туралы ресми мәліметтер әзірге хабарланған жоқ.