Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Құрылыс компаниялары нәпақадан қағылуда

Алдағы демалыста еліміздегі құрылысшылар өз мерекелерін атап өтеді

Мереке қарсаңында "Қазақстан құрылысшылар одағы" республикалық заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Талғат Ерғалиев шығыстағы құрылыс компания басшыларымен кездескен болатын. Кездесу барысында құрылыс саласындағы бірқатар мәселелер талқыланды.

Талғат Ерғалиев облыстағы кәсіпкерлерге құрылысшылардың мәртебесін көтеру бойынша атқарылып жатқан шаралар жайлы да айтты. Мәселен, жастарды құрылыс саласына тарту үшін тас қалаушы, бетоншы, арматурашы сынды мамандықтар бойынша байқаулар да жиі ұйымдастырылып отырады екен. Оның үстіне қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында құрылыс саласындағы кәсіпкерлер арасында алғашқы республикалық премия болады деп күтілуде.

Одан өзге, жиналғандар кәсіпкерлер мен мемлекет арасындағы қарым-қатынастың дұрыс жолға қойылмағанын, құрылыс қызметтерін мемлекеттік сатып алу үрдісінде өзгеріс қажет екенін айтты.

- Біз бүгінде мемлекеттік кәсіпорындар немесе олармен үлестес заңды тұлғалармен бәсекеге түсіп қалып жатамыз, - деп атап өтті "Востокагропромпроект" ЖШС директоры Марат Урунтаев. - Кәсіпкерлік кодексінде мемлекет кәсіпкерлік қызметке араласудағы өз мүмкіндігін шектейтіндігі нақты жазылған. Бірақ сонда да Құрылыс істері бойынша комитеттің еншілес кәсіпорындары бар. Олар мемлекетке тиесілі 100% акция пакетімен кәсіпкерлік қызметке тікелей қатысады. Бұл кәсіпорындардың өздерінің де еншілес кәсіпорындары бар. Олар да 100%-ға мемлекетпен үлестес. Мәселен, "ҚазҚСҒИ" АҚ, "ТҮКШ Қазорталық" АҚ. Яғни, бұндай кәсіпорындармен біз бәсекеге түсе де алмаймыз. Өйткені соңғы жылдары мемлекет олармен тікелей келісімшартқа отыра салатындықтан көп артықшылықтарға ие болып алды. Яғни, салықтық төлемді де көп төлейді, тәжірибесі де мол болғандықтан нарықта басымдыққа ие. Осы сұрақ заңдық тұрғыда шешімін тапса дейміз.

Осы сынды өзге мәселелерді көтеріп, оны шешуге күш салу үшін құрылыс компаниялары Қазақстан құрылысшылары одағының өңірлік бөлімшесін құру жөнінде шешім қабылдады.

- Құрылыс саласының мықты болуын қалаймыз. Сіздерден қандайда бір жарна жинап немесе басқа да қосымша жүк салу ойымызда жоқ. Бүгінгі таңда сіздер өз істеріңізбен ел бюджетінің 20 пайызын қалыптастырып отырсыздар. Сондықтан сіздер жай ғана жұмысшы емес, сіздер өздеріңізді инвестор ретінде сезінулеріңіз керек, - дейді "Қазақстан құрылысшылар одағы" республикалық заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Талғат Ерғалиев.


Следующая →