Өскемен
ясно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +12°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +13°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +22°
$
439.43
-2.23
473.31
-1.83
¥
60.98
-0.02
4.82
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Семейдегі ауызсу жыры шешіле ме?

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовтің әлеуметтік желідегі парақшасына Боб-ровка кентінің тұрғындары өздерін толғандыратын мәселелер туралы жазған. Қала әкімі бұл сұрақты бақылауына алып, кент тұрғындарымен кездесті

Бүгінде кенттің тұрғындарының басын ауыртып, балтырын сыздатқан мәселе - ауызсу. Бірнеше жылдан бері судың тапшылығын көріп келе жатқан тұғындар қала әкімінен осы мәселені қолға алуын өтінді.

- Жалпы Семей қаласы бойынша бір емес, бірнеше аудан ауызсумен қамтамасыз етілмеген. Алайда осы істі аяқсыз қалдырмай, бір ретке келтіргендіктен бүгінде көп жерлер сумен де, жарықпен де толық қамтылып отыр. Ендігі кезек Бобровка кентіне келді. Кенттің жағдайымен толық таныспын. Мәселелер қатары менің бақылауымда. Ауызсу бойынша жобалық смета жұмыстарын жасап, арнайы қаражат қарастырып, келесі жылы толық ауызсумен қамтамасыз ететін боламыз. Арнайы су құбырлары үйлеріңіздің алдына дейін тартылатын болады. Мәселе шешілгенше көше бойындағы су құдықтары қосылып тұрады. Ал жарық мәселесі бойынша мамандар әр үйдің жарығының қуаттылығын тексеріп, қосымша жарық трансформаторлары қойылады, - деді қала әкімі Ермак Сәлімов.

Сондай-ақ, қала тұрғындарын толғандыратын тағы бір мәселе - автобустың сирек қатынауы.

- Алдағы уақытта жаңа автобустар жүре бастайды. Халыққа қолайлы болу үшін бұл автобустар қысқы, жазғы ауысым деп бөлінбей, жұмыс кестесіне сай таңертеңнен кешке дейін жүретін болады, - деді қала әкімі.

Сонымен қатар, Ермак Сәлімов кенттің тазалық жұмыстарымен де танысты. Бүгінде тұрғындар ортақ тазалық жұмыстарын өткізуге, келісімшарт жасауға асықпайтын көрінеді. Осы ретте, қала әкімі қызмет көрсету мекемесіне және полиция қызметкерлеріне айналаны қоқыстан тазарту жұмысын қолға алу жөнінде арнайы тапсырма берді.

Следующая →
Тақырыптар: Семей Ауызсу Бобровка