Өскемен
ясно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +21°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Бес адамның ажалы судан келді

Демалыс күндері Шығыс Қазақстанда бес адам суға батып кеткен

Оқыс оқиға Өскемен, Семей қалалары мен Шемонаиха ауданында орын алды. Суға батып көз жұмғандардың бесеуі де ер адам жәнне бесеуі де рұқсат етілмеген орында суға түскен көрінеді. Оның үстіне алкогольдік ішімдік ішкендері де бар.

Құтқарушылар Шемонаиха ауданындағы Выдриха ауылына жақын маңдағы Уба өзенінен 41 жастағы ер адам мен 20 жастағы жігіттің денесін алып шығып, полиция қызметінің қолына тапсырды.

- Ал Өскеменде Кенсіз материалдар комбинаты ауданындағы суға түсуге тыйым салатын белгілер қойылған жасанды қазаншұңқыр суына 41 жастағы ер адам батып кеткен. Суға шомылып жүрген азаматтың көз алдында ғайып болғанын байқаған куәгерлер дереу құтқару қызметіне хабарласқан. 40 минуттан кейін сүңгуірлер мәйітті су түбінен алып шықты, - деп мәлімдеді облыстық Төтенше жағдайлар бойынша департаменттің баспасөз қызметі.

Дәл осындай жағдай Меновное кентіндегі саяжайлар ауданында орын алған. 49 жастағы ер адам да арнайы жабдықталмаған орында суға шомылып жүріп, батып кетті. Семейде де 32 жастағы азамат осылайша ажал құшты.

Жағажай маусымы ашылғалы бері 29 адам суға кеткен. Олардың басым көпшілігі жабдықталмаған жағажайларда суға түскен.

Следующая →