Екі жүз жас сарбаз ант қабылдады
Балалар жас сарбаздың курсынан өтіп, салтанатты түрде ант қабылдады
Шара Даңқ мемориалының алаңында дәстүрлі түрде өтті. Өскемен гарнизоны Ұлттық гвардиясының 5518 әскери бөлімінің 200-ден астам жас жауынгері Отанға адал болуға ант берді. Енді олар Отан қорғаушылар.
Жас сарбаздарды Nur Otan партиясының өкілдері, дін өкілдері, Ұлттық гвардияның, соғыс ардагерлері және тағы да басқалар құттықтады. Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар жас сарбаздардың ата-аналарымен кездесіп, ұландарға әскери анқа адал болып, лайықты қызмет атқаруды тіледі.