Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Жарма ауданындағы мұражайда виртуалды саяхат жасауға болады

Жарма ауданының Қалбатау ауылында ұзақ уақыт бойы есігіне қара құлып салынып жатқан аудандық тарихи-өлкетану мұражайы биыл жөндеуден өтіп, қайта ашылды

Қазақ елінің сайын даласы сан ғасырды бастан кешіріп, түрлі тарих көшін еңсерді. Тіпті, шығыстың әр өңірінің өзіне ғана тән тарихы, өз батырлары мен ақындары, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы бар. Осылардың барлығын шашауын шығармай, көнеден бүгінге дейін жеткізіп, болашақ ұрпаққа дәріптеп, мұра етіп қалдыратын бірден-бір орын - мұражай екені бесенеден белгілі. Біз сөз етіп отырған Жарма ауданындағы тарихи-өлкетану мұражайы ғимаратының іргетасы сонау 20-шы ғасырдың басында шіркеу ретінде қаланған екен. Кейін еліміз егемендік алғаннан кейін ғимарат мұражайға айналған. Бірақ бір ғасырға жуық уақытта әбден тозығы жетіп, қирай бастаған. Аудандық мәдениет бөлімі мамандарының сөзіне сүйенсек, төбесінен су аға бастаған соң, ішіндегі жәдігерлердің барлығы Мәдениет үйіне көшіріліп, соңғы 3-4 жылда мұражай есігіне қара құлып салынған.

- Кейін аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, былтыр сырты, биыл іші жөнделді, - дейді Жарма ауданының мәдениет бөлімінің маманы Жазира. - Жөндеу жұмыстарына барлығы 12 млн теңге жұмсалды. Биыл Домбыра күні қарсаңында үлкен салтанатпен мұражай қайта ашылды. Аудандық Мәдениет үйінің директоры, ширек ғасыр мәдениет саласының дамуына үлесін қосып келе жатқан Аманжол Даутовтың бастамасымен, аудан әкімі Ахметқали Нұрғожиннің қолдауымен мұражай қайта жанданып, халық игіліне берілді.

Бұл мұражайдың ерекшелігі - өңірдегі барлық тарихи-мәдени орындарға виртуалды саяхат жасауға мүмкіндік бар.

- Жалпы ауданда 19 қалалық-аудандық округ бар. Ауданның барлық тарихи-мәдени мұраларын бір ғимарат ішіне сыйғызу мүмкін болмағандықтан, электронды тақта қойылды. Яғни, әр ауыл, әр тарихи орын туралы деректер компьютерде сақталған. Өзіңізге қажет елді мекеннің атауын енгізу арқылы, қажетті ақпаратты үлкен экраннан көре аласыз, - дейді мұражай қызметкері Гүлжахан Құлжанбекова.

Гүлжахан Тегісбекқызының айтуынша, мұражай ашылғалы бұнда 300-ден астам адам келген. Тіпті кезінде Жарма ауданында туып-өсіп, кейін шетел асқан азаматтар да туған жердің тарихынан сусындауға асығады екен. Мәселен, Ресей, Қырғызстаннан келгендер болған. Әсіресе, жол жөндеп жатқан түрік азаматтарының қызығушылығы мол көрінеді.

Следующая →