Өскемен
ясно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +21°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Екатерина Скударнова
Ақпарат көзі:
Устинка

Есірткімен есебін толықтырған 15 дәріханаға айыппұл салынды

Аймақта есірткі саласындағы құқықбұзушылық саны 26%-ға төмендеді, деп хабарлайды облыстық Прокуратура

Облыстық Прокуратураның алқа отырысы өтіп, заңсыз есірткі айналымына қарсы әрекеттер бойынша уәкілетті органдардың қабылдаған шараларының тиімділігі қарастырылды.

- Үй жағдайында экстракционды апиын дайындалатын көкнәр саудасының алдын алу бойынша шаралар қабылданды. Есірткімен күрес басқармасымен бірлесе отырып, оны дайындаудың 4 орны табылған, 4 тонна көкнәр тәркіленіп, кейін олар жойылды, - деп хабарлайды аймақтық Прокуратураның баспасөз қызметі.

Одан бөлек, құрамында есірткі бар дәрі-дәрмекті рецептісіз саудалаған 15 дәріхана 3,5 млн теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бір Жеке кәсіпкердің лицензиясы тоқтатылған.

- Бүгінгі күні тағы 9 дәріхана әкімшілік жауапқа тартылған, олардың лицензиясын тоқтату туралы мәселе қаралуда. Ынтымақтастық туралы процесуалды келісім жасау арқылы 5 үлкен есірткі сатушы жауапқа тартылды. Басқа есірткі заттарының, соның ішінде синтетикалық заттардың заңсыз айналымына көңіл бөлінген. Есірткінің бұл түрі дәстүрлі есірткілерге қарағанда адам ағзасына он есе күшті психотропты әсер береді. Сонымен қатар, олар түрлерін жылдам өзгертеді және жеңіл алынады, - дейді ведомствоның баспаөз қызметі.

Следующая →