Тұрғындардың өтініші бойынша Өскемендегі демалыс аймағы жөнделді
Бұзақылар Гагарин бульварындағы аллеяның орындықтары мен ойын алаңдарын түгел қиратып, жазу жазып кеткен
Ал осыған байланысты тұрғындар Өскемен қаласының ТҮКШ бөліміне хат жолдаған. Олар бұзақылар қиратып кеткен демалыс аймағын қалыпқа келтіруді өтінген.
- Хат түсе салып, ертесінде біздің қызметкерлері қалпына келтіру жұмыстарын бастап кетті. Жазулардың барлығын жуып, кетіріп, балалар алаңындағы құрылымдарды бояп, тақтайшаларды қалпына келтірдік, - деп хабарлады "Өскемен-Тәртіп" коммуналдық кәсіпорны.
Жалпы қала жоспарында демалыс аймақтарын қайта қалпына келтіру жұмысатры жоқ еді. Кәсіпорын бұзақылардың кесірінен жоспардан тыс әрекет етуге мәжбүр.