Өскеменде 400 контейнер алаңы орнатылады
Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған арнайы қоқыс жәшіктері облыс орталығының аулаларында орналастырылады
Қазіргі таңда 140 контейнерлік алаң жабдықталды. 31 қыркүйекке дейін тағы 260 қалды.
- Соңғы рет алаңдарды 2009 жылы жаңартқан. Тұрғындар бұл туралы біздің есеп беру кездесулерімізде көп сұрағандықтан, біз осы жұмысты қазір жасауға шешім қабылдадық, - дейді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.
Жаңа қоқыс жәшіктерініңқай жергеқойылатындығын жайлы өзін-өзі басқару Комитеттерімен бірлесіп шешеміз. Мердігерлердің айтуынша, төрт орындық алаңдарды орнатуға бір тәулік, ал бес-алтысына - екі күн қажет.
Бір алаңға 150-170 мың теңге көлеміндегі қаржы жұмсалады. Жобаны жүзеге асыруға барлығы 148 миллион теңге бөлінді.
Айта кету керек, Өскеменде барлық 507 алаң жаңартылмайды. Олардың бір бөлігі 2018 жылы аулаларды кешенді абаттандыру аясында жөнделді.