Тоқаев Марқакөлдегі браконьерлердің жолын кесуді тапсырды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің құқық қорғау қызметіне Марқакөл көліндегі ұйымдасқан қылмыстық топтардың заңсыз әрекетінің жолын кесуді тапсырды
Бұл туралы ол Twitter әлеуметтік желісіндегі өзінің ресми парақшасында хабарлады.
Марқакөл көлі Солтүстік Қазақстан облысында. Мұнда уылдырығы жақсы бағаланатын ленок балығы бар. Көпшілік оны «ускуч» дейді. Осыған байланысты көлде заңсыз балық аулайтын браконьерлер пайда болды.
- Құқық қорғау органдарына Марқакөл көлінде браконьерлер заңсыз балық аулайтын ҰҚТ қызметінің жолын кесуге тапсырма бердім, – деп жазды Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.