Өскеменде ер адам миллиондарды жымқырған
Тапқыр қала тұрғыны бизнесі бар өзімен бірге тұратын әйелдің мөрін екі жыл бойы пайдаланып, жалған құжаттарды жасаумен айналысқан
Өскемен қаласының ПБ Ертіс полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық фактісі бойынша бірнеше рет сотты болған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
- Күдікті 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап 2018 жылдың қаңтар айына дейін жеке кәсібі бар бірге тұратын азаматшаның мөрін пайдаланып, алдау арқылы 4 500 000 теңге ақшасын жымқырды, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Енді ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлімі "Алаяқтық" бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл баптың санкциялары үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.