Өскеменнің тәртіп сақшылары жол ережесін бұзған мыңнан астам адамды ұстады
24-28 шілде аралығында облыс орталығы аумағында "Қауіпсіз жол" республикалық жедел-алдын алу шарасы өтті
Осылайша, қалалық полиция бөлімінің мәліметінше, шара кезінде тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелерін бұзған 1009 фактіні анықтай алды, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Оның ішінде 260 адам жаяу жүргіншілер ережесін бұзып, заңбұзушылықтың көшін бастап тұр. Екінші орында - автокөлік жүргізушілердің жолда келе жатып телефондарды қолданған 163 фактісі анықталды.
- “Қауіпсіз жол” профилактикалық іс-шарасы барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша алдын-алу және түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталған, - деді Өскемен ПБ баспасөз қызметі.
Полицейлер қала тұрғындары мен қонақтарына жол ережесін сақтау керектігін тағы бір ескертеді.