ШҚО-да 2019 жылдың басынан бері 29 адам суға кетті
Жазатайым оқиғалардың ең көп саны Семей қаласы, Глубокое ауданы және Алтайда орын алған
ШҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Тимур Дидахметовтың айтуынша, суға түсуге арналмаған және дайындалмаған жерлерде суға түсу, сондай-ақ мас күйінде суға түсу оқыс оқиғаның негізгі себептері болып табылады.
Суға шомылу маусымы басталғаннан бері ШҚО ТЖД ШҚО полиция департаментімен және көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп жеке құрам кезекшілігінің жоспар-кестесі әзірленді және жағажайлар мен бассейндер бар сауықтыру балалар лагерлерінде 1518 алдын алу рейдтері өткізілді. Осы рейдтер барысында 43 алкогольге қарсы заңнаманы бұзу, 14 скутерлерді пайдалану тәртібін бұзу фактісі анықталып, 10 азамат құтқарылды. Сонымен қатар, Департаментпен 219 тыйым салатын белгі, 96 көрнекі стенд орнатылды және 36 мыңнан астам тақырыптық парақшалар таратылды.