Семей қаласының әкімі мешіттің құрылыс жұмыстарына атсалысуға шақырды
Қала басшысы қайырымдылық қаражатына салынатын халық объектісіне көмек ретінде "Асар" қайырымдылық акциясын жариялады
Қала басшысы қала тұрғындарын акцияға қатысуға Instagram әлеуметтік желісі арқылы шақырды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
- Құрылыс жұмыстары бір аптаға да тоқтаусыз жүргізілуде, - деп жазды қала әкімі Ермак Сәлімов өз парақшасында. - Құрылыс бірнеше күнге тоқтаған болатын, бірақ бұл технологиялық және ұйымдастырушылық үрдістермен байланысты. Бүгінгі таңда қала үшін маңызды нысанға өз бос уақытын жұмсайтын мамандар, бей-жай қарамайтын адамдар жеткілікті. Бірақ менің ойымша, кез келген адамның осы ұлы іске өз үлесін қосуға мүмкіндігі болуы тиіс. Біреу ақшамен, ал біреу өз еңбегімен көмектесе алады. Үлкен аумақты көркейтуге қала тұрғындарының көмегі артық болмайды деп ойлаймын.
Осы сенбі күні әрбір адам нысанның құрылысына көмек көрсете алады. Еріктілер қажетті құралдармен және материалдармен қамтамасыз етіледі.
- Мен барлық қалалықтарды 2019 жылғы 27 шілдеде сағат 15.00-де нысанның құрылысына қатысуға шақырамын, - деді ол. - Халықтық мешіттің құрылысына халық қатысуы керек!
Айта кетейік, мешіт құрылысы бірнеше жылғы үзілістен кейін өткен жылдың сәуір айында қайта жаңғыртылды. Құрылыс нысанын тапсыру келесі жылдың тамызына жоспарланған.