Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде терезеден құлаған балаға "жедел жәрдемнің" келуіне 40 минут кеткен бе?

Мұндай ақпаратты әлеуметтік желілерде оқиға куәгерлері таратуда, ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы оны жоққа шығарды

Instagram-да жақын арада төрт жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кеткендігі туралы ақпарат тараған болатын, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

- Жедел жәрдем шақырдық, 40 минут күттік, - деп жазады автор. - Бірнеше рет 103-ке қоңырау шалып, неге соншалықты ұзақ деп сұрадық, жауап ретінде тек қана: күтіңіз, машина барады, деп жауап берді. Бала осы уақыт ішінде бірнеше рет есінен айырылды.

Жедел жәрдем келген кезде белгілі болғандай, аға дәрігер шақыруға арнайы дабылдары жұмыс істемейтін, жарамсыз автомобильде баруға шешім қабылдаған екен. Мүлдем білікті емес бригада келді, тіпті, балаға ауруды басатын дәрінің қанша мөлшерін қанша қою керектігін білмеді. Осыған байланысты басқа бригаданы шақыруға тура келді, ал бұл тағы да уақытты жоғалту.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасында мұндай болуы мүмкін емес деп пайымдауда.

- Ережеге сәйкес, бірінші санаттағы шақыру бойынша күту уақыты 15 минутты құрайды, бұл нақты жағдайда бригада 13 минуттың ішінде жетеді, - деп хабарлады мекемеде. - Төтенше жағдай орнына дер кезінде жеткеніне қарағанда көлік дұрыс қалыпта болды. Сонымен қатар, дәрігерлер келген соң, баланың жасы жедел жәрдем операторына хабарлағанындай 8-10 жас емес, бүлдіршін төрт жаста екені анықталды. Тиісінше, бірінші бригаданың дәрігері мамандандырылған балалар бригадасы келгенше, ауысымның аға дәрігерінен ауырсынуды басатын инъекцияның дозалары туралы кеңесіп, алғашқы көмек көрсетті. Сегіз минут аралықпен балалардың жедел жәрдем бригадасы келіп, баланы Ана мен бала орталығына жеткізген.

Балаға өкпенің зақымы және оң санның сынуы диагнозы қойылған. Қазір балаға жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетілуде.
Следующая →