Артемьев шахтасында қайғылы оқиға орын алды
"Samid" ЖШС кәсіпорны "Востокцветмет" ЖШС шахтасында жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде мердігер ұйымның қызметкері қаза тапты
Оқиға 17 шілде күні сағат 20.00-де орын алды, деп хабарлайды Устинка LIVE. Қазіргі уақытта шахтадағы барлық жұмыстар тоқтатылды.
Жазатайым оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия ұйымдастырылып, оқиғаның барлық мән-жайлары мен себептері анықталады.
- KAZ Minerals тобының басшылығы мен ұжымы қаза тапқан адамның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады, - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар:
несчастный случай Арьтемьевская шахта Погиб рабочий 


