ШҚО-да онконауқастар саны артқан
Облыстағы төрт аудан мен екі қалада қатерлі дертке шалдыққандар саны жоғарырақ
Аты жаман дерт көрсеткіші 2,3%-ға артып отыр. Көбінесе Аягөз, Жарма, Зайсан, Глубокое аудандары мен Риддер және Курчатов қалаларында өсім байқалады.
Бірақ облыстық Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Раушан Ластаеваның айтуынша, соңғы алты айда онкоауруларға шалдыққан науқастардың көз жұму көрсеткіші 1,2%-ға төмендеп отыр.
Сонымен қатар, туберкулезден көз жұматындар 2,4%-ға, бала өлімі 6,7%-ға, туберкулезге шалдығу деңгейі 7,5%-ға төмендеген.
Тақырыптар:
Количество пациентов с онкозаболеваниями Управление экономики и бюджетного планирования ВКО Заболеваемость в ВКО