Өскеменде дәрігерлер жетіспейді
Жалпы бүкіл Шығыс Қазақстан облысында медициналық қызметкерлер жетіспеушілігі сезіледі. Бұл әсіресе ауыл-аймақың жауыр болған мәселесі
Облыстық Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Раушан Ластаеваның айтуынша, облысқа жалпы саны 363 дәрігер керек. Ауылдарға 175 дәрігер жетіспейді. Әсіресе, Өскемен қаласы дәрігерге мұқтаж.
Облыс әкімі Даниал Ахметов тез арада бұл мәселені шешу бойынша жоспар құруды тапсырды.
- Мен жыл сайын осы мәселені естіп келемін, - дейді Даниал Ахметов. - Мәселені неге шешпейсіздер? 363 дәрігерді облысқа тартыңыздар, барлығы да баспанамен қамтылады. Бұл сұрақ шешілуін талап етемін.
Облыс әкімі 15 тамызға дейін жауапты мекемелерден кадр тапшылығын жою бойынша жоспар күтеді.