Семейде өз көршісін тонаған әйел ұсталды
Ұры көршісіне қонаққа барған уақытта тартпаның үстінде тұрған ерлі-зайыптылардың алтын жүзігін, сырға мен басқа да сақиналарды ұрлаған
Жәбірленушіден 13 шілдеде құны 70 мың теңге болатын зергерлік бұйымдардың жоғалғаны туралы полицияға шағым түсті. Тәртіп сақшылары тез арада іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдіктіні тапты. Анықталғандай, бағалы заттарды ұрлаушы жәбірленушінің көршісі болып шықты.
ШҚО ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, ұсталған әйел өз кінәсын мойындады. Әйелге қатысты полиция ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 1-бөлігі "ұрлық"бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Осы баптың санкциялары 1 мың АЕК ( екі миллион теңгеден астам) мөлшерінде айыппұлды көздейді.