Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Евгения Чех
Ақпарат көзі:
Устинка

Шығыстағы 150-ден астам елді мекенде Ғаламтор жоқ

Бұл мәселе облыстағы ауылдарға Ғаламтор мен оптоталшықты жүйе тарту жұмысының қарқыны баяу жүріп жатқандығы себеп

Осыған орай Шығыс Қазақстанда цифрландыру деңгейі төмен. Соған орай, 2019 жылдың жартыжылдығының нәтижесі бойынша, компьютерлік сауаттылық деңгейі де 74%-ды көрсетіп тұр.

Облыс басшысының айтуынша, біздің шенеуніктер осы мәселеге бейжай қарап отыр. Әсіресе, Даниал Ахметов атап өткендей, денсаулық сақтау саласы үшін бұл өте маңызды.

- Облыстағы 150 елді мекендегі денсаулық сақтау мекемелері ғаламторға қосылмаған, - деп ашуланды Даниал Ахметов. - Энергетика басқармасы неге дабыл қағып, республикалық құрылымдарға жүгінбейді? Ал облыстық Денсаулық сақтау басқармасы тіптен қамсыз. Сендер неге цифрландыру бойынша мемлекеттік бағдарламаға түзетулер енгізбейсіздер? Біздің елді мекендерге оптоталшықты жүйе тартып беруді талап етпейсіздер?

Жауапты басқарма басшыларына жақын уақытта ауылдық медициналық пунктілерді цифрландыру бойынша жоспар құрып, осы сұрақты мембағдарламаның әкімгері - "Қазақтелеком" АҚ-мен шешу туралы тапсырма берілді.

Следующая →