Жетінші қабаттан секіріп кете жаздады
Оқиға кеше түнгі уақытта облыс орталығындағы тоғыз қабатты үйлердің бірінде орын алған
30 жастағы азамат жетінші қабат терезесіндегі темір кір жайғышқа шығып алып, өмірмен қош айтыспақ болған.
Куәгерлер құтқарушыларды шақыртқан. Дереу жеткен құтқарушылар азаматтың құлауы мүмкін орынға арнайы "құтқару кілемшесімен" тосып тұрған. Алайда азамат ойын жүзеге асырмады. Ол уақытта мамандар жетінші қабатқа көтеріліп, ойынан бас тартуға үгіттеген.
- Қасымдағы серіктесім құтқару жабдығын киіп алды, - дейді ШҚО ТЖД "ӨСАҚЖҚ" мамандандырылған жасағыныңаға құтқарушысы Дарын Ысқақов. - Ал мен оны сақтандырып тұрдым. Азаматты кезек-кезек сөзге тартуға тырыстық. Өзін бір түрлі ұстап, үрейленіп тұрды.
Әңгіме барысында кір жайғыш темірден түсуге келісті. Сол сәтте құтқарушылардың бірі оны ұстап қалды. Қазір тәртіп сақшыларының қолына табысталды.