Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Аналарға қалай кәсіп ашуға болады?

Қазір мемлекеттік мекемелер аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, мүгедек жандар мен оралмағандарға, қоныс аударушыларға жұмыс тауып беру мен кәсіп ашып берудің қамын ойластырып жатқаны белгілі

Олардың бірі көмектесудің амалын тауып қойса, енді бірі әлі ойластырып әлек.

Қоғамның әлсіз топтарына "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы арқылы ғана несие беріліп жатыр. Бұған үш бірдей мекеме жетекшілік етеді: облыстық Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы, Жұмыспен қамту бөлімі және "Атамекен" кәсіпкерлік палатасы.

- Кәсіп ашуға өтініш берген қала тұрғындарына несиені банктер берсе, ауыл тұрғындарына ауыл шаруашылығын дамытуға арналған корпорациялар береді, - дейді облыстық Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы Юрий Ильяшенко.

Өкінішке орай, кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған аталмыш "Еңбек" атты ірі мемлекеттік бағдарламада көпбалалы және аз қамтылған аналарға несие беруде белгілі бір артықшылықтар берілмеген. Тек несие алуға келген ананың жағдайы ғана ескеріледі. Жеңілдетілген несие 6%-бен беріледі әрі бес жылға дейін төлеуге болады. Ал несиені алғысы келгендер аудандық жұмыспен қамту бөліміне жүгінуі тиіс.

- Алдыңғы жылы сиыр алып, кәсіп бастағым келді. Ауылда сүт өтімді. Бірақ ол жылы несие ала алмадым. Биыл да бақ сынағым келеді, - дейді Тарбағатайда тұратын, алты баланың анасы Ғалия Серікбаева.

Елдің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға кәсіп ашу үшін гранттар берілетіндігіне уәде берген еді. Енді облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы аталмыш құжаттың бекітіліп, маусым айынан бас-тап аналарға грант беріле бастағанын хабарлап отыр. Мұндай гранттардың екі түрі бар. Оның біріншісі - 500 мың теңгелік гранттар.

- Мөлшері 200 АЕК-ні құрайтын (505 мың теңгеге дейін) мемлекеттік гранттарды беруге республикалық бюджеттен қазірдің өзінде 367 млн теңге қаржы бөлініп қойды. Барлығы 727 адамға грант беру жоспарланып отыр, - деп хабарлайды басқарманың баспасөз қызметі.

Ал екінші гранттың түрі - 250 мың теңгелік гранттар. Мұны жаңа бизнес-идея ұсынған азаматтар ала алады.

Биылдан бастап аз қамтылған, көпбалалы аналар мен оралмандарға, мүгедек жандар мен қоныс аударушыларға да беріле бастады. Оған 68 млн теңгеге жуық қаржы бөлінген, 268 адамға грант беру көзделіп отыр.

- Қазіргі уақытта 119 адамға жалпы сомасы 30 млн теңге грант беріліп те қойды, - делінген баспасөз хабарламасында.

Ал грантты алғысы келген аналар болса, аудандық жұмыспен қамту бөліміне келіп жүгінсе болады. Кейін бір айлық "Бизнес бастау" курсын оқып, құжаттарын жинайды.

Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған тағы бір ұйым "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы қазіргі уақытта арнайы көпбалалы аналарға несие берудің жолдарын қарастырып жатыр. Бөлек бір бағдарлама құрастырып шығудың қамымен жүр. Аймақтық "Атамекен" кәсіпкерлік палатасы бұл бағдарламаның осы айдың аяғына дейін жасалып, қабылданып қоятындығын айтады. Алайда шарттарын әлі белгісіз.


Следующая →