Семейде ер адам із-түссіз жоғалып кетті
Рымқан Оразбаев 6 шілде күні үйінен шығып, содан екінші күн хабарсыз кеткен
49 жастағы семейлік азамат 35-ші кварталдағы үйінен сенбі күні шығып кеткен. Қайда кеткенінен ешкім хабарсыз. Екі күн бойы жақындары іздесе, қазіргі уақытта еріктілер де іздеу жұмыстарына жұмылған.
LIDER.kz еріктілері хабарлағандай, Рымқан Оразбаев қара шашты, бойы 178 см, көзәйнек тағады, үшінші топтағы мүгедек. Ал сол қолында «РОМА» деген жазуы бар.
Үстіне алқызыл футболка, көк шалбар, қара жазғы туфли, сұр түсті кепке.
Бұл азаматтың қай екенін білетіндер болса, 8- 747-349-57-17 немесе 102 нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз.