Өзінің танысының атынан үш онлайн-несие рәсімдеп алған
3 шілде күні 30 жастағы қала тұрғыны полицияға хабарласып, өзінің атынан басқа біреудің несие алғанын айтқан
Ал бұл туралы ол өзіне несиені төлеу керектігі туралы хабарлама келгенде білген.
Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде алаяқтық күдігі бойынша 225 жастағы келіншек қолға түсті. Ол зардап шегуші азаматшаның танысы болып шыққан.
- Танысының сеніміне кірген күдікті сәуір айының басында жалпы сомасы 145 мың теңгеге үш онлайн несие рәсімдеп алған, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі. - Алаяқты фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.