Өскемен
малооблачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +19°
$
443.37
+1.32
474.49
+0.35
¥
61.24
+0.17
4.83
+0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Теректібұлақтағы дүбірлі той

Осы жылдың 29 маусымында Күршім ауданына қарасты Теректібұлақ ауылында "Ауыл күні" айдарымен ұлан-асыр той болды

- Тойды Рухани жаңғыру аясында ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттап жүрген осы ауылдың "сегіз қырлы, бір сырлы" өнерпаз ұлы Мирас Садықов бастаған ауыл жастары ұйымдастырды. Олардың бұл тірлігіне ауылдың зиялы азаматы, запастағы подполковник, Құйған ауылдық округінің әкімі Мұхаметкәрім Қапанұлы мен білікті маман, іскер басшы, кезінде осы ауылды басқарған Құмаш Жұматайұлы қолдау көрсетіп, ақыл-кеңес берген, - дейді ардагер журналист Советхан Қалиғожин.

Тойға дайындық барысында бүкіл ауыл тұрғындары аяқтарынан тік тұрып, ауылды абаттандыруға атсалысыпты. Үйлер әктеліп, қашалар сырланған. Көшелердің ой-шұңқыры тегістеліп, ауыл ішіне тазалық жұмыстары жүргізілген. Ауылдағы клуб жөндеуден өтіп, безендірілген. Клуб ауласындағы Барақ бабамыздың шағын ескерткішіне ерекше қамқорлық жасалған. Ауыл тұрғындарының айтуынша, осы шаруаға жергілікті мектеп директоры Берік Жұмайбеков өзі бас боп мектеп ұжымын, оқушыларды бастан-аяқ жұмылдырған.

Той қонақтары негізінен шартарапта қызмет бабымен, тіршілік қамымен жүрген осы ауылдың тумалары. Солардың ішінде Кубаның Сан-Антонио-де-лос-Баньос қаласында өткен ХХІ халықаралық графикалық юмор биенналесінде бірінші орын алған "Егемен Қазақстан" газетінің суретшісі Айдарбек Ғазизов бар.

Тойдың салтанатты кезеңін Мирас Мүкетайұлы жүргізді. Ауыл тарихына орай тарихшы, жоғарғы санатты ұстаз, барақтанушы Танаш Қайырбаев шағын баяндама жасады.

- Ауылға ресми түрде заңдастырып батыр бабамыздың аты берілмеген. Алайда бұл ауыл әу бастан "Барақ ауылы" атанып кеткен. Себебі Барақтың бәйбішесінен туған үш ұлы Бостан, Дос, Кәдірден және қалмақтан алған тоқал әйелдері Барын, Баба, Топжал Қойбақ, Домалақтан тараған ұрпақтары негізінен осы ауылда тұрады, - дейді Күршім ауданының құрметті ақсақалы Советхан ата. - Батыр Барақ қалмақтың Күшім деген батырын жер қаптырып, әскерін быт-шытын шығарып талқандайды да, Күршім өңірін азат етеді. Хан кеңесінің шешімімен ендігі жерде бұл өңірге иелік жасау Бараққа жүктеледі. Оның қонысы осы өңірде болады. Ұрпақтары осы өңірде өсіп өнеді. Батыр бабамыз киелі болған деседі. Содан болар бұл ауылды "Киелі ауыл" дейді.

Бұл тойға шұғыл шаруаға байланысты аудан әкімі келе алмағандықтан, аудандық мәдениет бөлімінің бастығы Б. Өлмесеков арқылы "Алғыс хатын" жолдапты. Баяндамадан кейін осы хат оқылды. Айдарбек Ғазезов, тағы бірер адам құттықтау сөз сөйлеп, жастарға алғыстарын айтты.

Өз кезегімен той барысында Барақ батыр бастаған марқұм бабаларымызға ас беріліп, құран бағышталды. Одан кейін жұртшылық ат бәйгесін, түрлі спорт сайыс-тарын қызықтады. Кешкілік клубта арнайы шақырылған өнерпаздардың көнцерті болды. Жастар жағы ойын-сауық, би кешін ұйымдастырып, той соңын түрлі мәдени шаралармен көңілді аяқтады.

Следующая →