Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Екатерина Скударнова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да Қызыл кітапқа енген өсімдікті жұлған алматылықтар ұсталды

Шығыс Қазақстанда өсетін, Қызыл кітапқа енген шипалы шөпті жинаған алматылық 12 тұрғын ұсталды

Оны "Охотзоопром" қазыналық кәсіпорнының инспекторлары мен Зайсан аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ұстап алды.

Ал заңсыз өсімдік жинап жүргендер жайлы ақпаратты жергілікті тұрғындардың бірі 102 нөміріне хабарласып айтқан. Ол Кеңсай ауылы маңында белгісіз біреулердің "алтын тамырға" ұқсас өсімдікті тамырымен қазып жинап жатқанын айтқан.

Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары мен инспекторлар қызғылт семізот өсімдігін 10 мөшекке қаптап әкетпек болған 12 азаматты ұстап алған.

- Олар Алматы облысының тұрғындары, 27 мен 51 жастағы азаматтар. Оларға қатысты қылмыстық тергеу амалдары басталып кетті, - деп хабарлайды ШҚО ПБ баспасөз қызметі.

Полиция департаменті тәркіленіп алынған өсімдіктердің қазір сараптама жіберілгенін хабарлады. Ал сараптама бұл шөптің қаншалықты құнды екендігін анықтамақ.

Мемлекетке келген шығын да сол кезде анықталады.

Следующая →