Өскеменде жарығы өшіп қалған тұрғын үйдің құрылғылары жөнделе бастады
Тұрғындар күйіп кеткен есептеуіш құралдарының орнына жаңа құралдар сатып алуға ақша жинап жатыр
Естеріңізге сала кетейік, 18 маусым күні Өскеменнің ЖМК ауданындағы Өтепов көшесінің 31/4-үйінің естеуіштері өртеніп, жарықсыз қалған айтқан едік. Содан бері тоғыз қабатты үйдің тұрғындары жарықсыз отырған еді.
Тұрғындардың жағдайы қазір қалай болып жатқанын білу үшін тағы да байланысып, жөн сұраған едік.
- Тұрғын үй кооператив иелері де басында абдырап қалған сияқты. Кейін есін жинап, электр жөндеуші мамандарды тапты. Олар қазір жұмыс істеп жатыр. Ақысы аз емес, әрине. Орта есеппен, бір пәтерден 25 мың теңгеден кетейін деп тұр. Менде тұрған есептеуіш құрал да күйіп кетті. Оны қосқанда 33 мыңға шығайын деп тұр. Не істейміз? Жарық керек болған соң, төлейміз да, - дейді тұрғын Евгения Троеглазова.
Тұрғындардың көбіне бұл сома, кәдімгідей, қалтасына ауырлық түсіріп жатқан көрінеді.
- Жалақым 50 мың теңге ғана, жолдасым да сондай ғана алады. Ондай ақшаны қайдан аламыз? Мұндай мәселелерді шешетін қалалық қор болуы керек емес пе? Неге бізде ондай жоқ, - дейді Күлпаш есімді тұрғын.
Ал мамандар қалпына келтіру жұмыстарын аяқтаған соң, эксперттік компания келіп, электр жабдықтарының қаншалықты үлгі мен талаптар сай екендігін тексеріп шығады. Содан кейін ғана үйге жарық берілетін болады.