Өскемен
малооблачно
+8°
  • Өскемен
    +8°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +11°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +17°
$
441.58
+0.17
480
+2.22
¥
61.19
+0.07
4.86
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Екатерина Скударнова
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде үш жыл бойы елді алдап келген алаяқ ұсталды

28 тұрғынды алдап кеткен алаяқ 20 млн теңгені қалтасына басқан

Ал алаяқтың елді алдау үшін ұсынған жолы – ақшаны пайызы жоғары депозитке салып, байлыққа кенелу болған, деп хабарлайды Устинка LIVE. 

Ол кездескен жұртты қолда бар ақшасын пайызы жоғары депозитке салуға, сол арқылы ай сайын көлемді пайда тауып отыруға үгіттеген. Тіпті, айтқан ұсынысы сенім туғызу үшін "Джет-Мани" атты фирманың аты жазылған үнпарақ дайындап, соны көрсеткен. Әрі адамдармен жеке кездесіп, үгіт-насихатты бір өзі жүргізген.

Тіпті, аталмыш фирманың депозитіне 400 мың теңге салып, келісімшарт жасап, қазір үлкен пайда тауып отырған клиент туралы да жалған "әңгіме" айтып, елдің сеніміне кірген.

Ал зымиянның алдауына арбалып қалғандар қолында бар қаржысын соған бере салған. 2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін екі жылдың ішінде бұл алаяққа 28 тұрғын "құрбан" болған. Ал алаяқтың келтірген шығыны 20 миллион теңгеден асып кеткен.

Кейін ақшасын бергенімен, пайызын ала алмаған жұрт дүрлігіп полицияға арыздана бастаған.

- Тәртіп сақшылары 36 жастағы күдіктіні ұстады. Оған алаяқтық жасады деген айып тағылып отыр, - деп хабарлайды Өскемен қалалық ПБ баспасөз қызметі.

Қазір уақытша ұстау изоляторында отыр.

Следующая →