Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Екатерина Скударнова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО полицейлері баланың өмірін алып қалуға көмектесті

Бір жарым жастағы кішкентай бүлдіршін үшінші қабаттағы үйдің терезесінен құлап кеткен екен

Оқиға Алтай ауданының Жаңа Бұқтырма кентінде болған. Терезенің тақтайына шығып кеткен кішкентай қыз торды ұстап орнынан тұрмақ болып, жерге қарай құлап кеткен екен. Баланың әкесі уақыт жоғалтпай, оны көлікке салып, әйелін отырғызып Өскеменге, ауруханаға қарай тартқан екен, деп хабарлайды Устинка LIVE. 

Ал тас жолда жылдам келе жатқан мәшінді көрген патрульді полиция инспекторлары Олжас Әлімханов пен Еркін Қадыров жағдайды білмек болып, оны тоқтатқан көрінеді. Ал жағдаймен таныс болған соң, көліктің алдына шығып, "жасыл белгіні" қосып, ертіп әкеткен.

- Азаматтарды медициналық мекемеге дейін жеткізіп тастады. Қазір кішкентай қыз Ана мен бала орталығында жатыр, - деп хабарлайды ШҚО ПБ баспасөз қызметі.

Қуанышқа орай, бала ауыр жарақат алмаған, қазір жағдайы орынша.

Ал баланың әкесі Ұлан Көпбаев Полиция департаменті басшылығына өзіне көмектескен тәртіп сақшыларын назар аударуын өтінген. Ұланның ойынша, тәртіп сақшылары қол ұшын бермегенде, баланың жағдайы да қиын болар еді.


Следующая →