Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Екатерина Скударнова
Ақпарат көзі:
Устинка

Павлодар облысының тұрғыны ШҚО-да жұртын сан соқтырды

Павлодар қаласының тұрғыны, азаматтардың сеніміне кіре отырып, танымал хабарландыру сайты арқылы жалған қаржылық қызметтерді көрсетумен айналысқан

Шығыс Қазақстан облысының 37 жасар тұрғыны алаяқтың арбауына тап болған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Әйел адамдардың сеніміне кіріп, оған екінші деңгейлі банкте несие рәсімдеуге уәде беріп, қызметі үшін 50 мың теңге төлеуді сұраған. Алайда, ол төлемді алып, өз уәдесін орындамаған.

Қылмыскер өз ісін мұқият жоспарлай отырып, өзінің әлеуетті клиенттеріне ол тек телефон арқылы қашықтан жұмыс істейтінін бірден ескерткен. Көрсеткен қызметі үшін төлемдерді Киви-әмиянға аударуды сұраған.

Алданған әйел қаскүнем туралы полицияға хабарлаған соң, ШҚО ЖПБ киберқылмыспен күрес бөлімінің қызметкерлері алаяқтың жеке басын тез арада анықтады. Бұрын бұл әйел осыған ұқсас құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

Полицейлердің айтуынша, бұл жолы ШҚО-да оннан астам адам алаяқтың арбауына түскен. Атап айтқанда, олар Өскемен, Семей және Риддер қалаларының, сондай-ақ Глубокое ауданының тұрғындары. Қылмыскердің азаматтарға келтірген шығынның жалпы сомасы қазіргі уақытта есептелуде.

- Павлодар қаласының 27 жасар тұрғынына қатысты ҚР ҚК 190-бабы 2-тармағы "алаяқтық" бойынша қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі. 


Следующая →