Өскеменде әйел 58 жұп көзілдірік ұрлап кетті
Оңай олжаны облыс орталығындағы көтерме сауда базарының бірінен ұрлап кеткен
Алайда, қымбат аксессуарларды қолды қылған ұрыны көп ұзамай полиция қызметкерлері қолға түсірді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Анықталғандай, кәсіпкерге 29 жасар қала тұрғыны келтірген шығын 150 мың теңгені құрады.
- Ұсталған азаматшаға қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 1-тармағы "ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.