Машақатын қалалық әкімдік тартады
Облыс әкімі Даниал Ахметов облыс орталығында Қ. Сәтбаев даңғылы мен 19-шы шағын ауданындағы құрылысы жүріп жатқан үйлерді аралап, көңілі толмайтындығын білдірді
Өскеменде Қ. Сәтбаев даңғылы мен Көкжал Барақ, І. Есенберлин, әл-Фараби көшелерінде көпқабатты үйлер бой көтеріп, салымшылар мен сатып алушылар қоныс тойын күтіп отыр. Алайда 10 шақты нысанды аралап көрген облыс әкімі кейбір олқылықтарға да баса назар аударды.
да пайдалануға берілмек.
Сонымен қатар, облыс әкімі қазіргі қала ішіндегі ат спортын дамытып отырған ипподром кешенінің орнында болашақта үйлер тұрғызылатынын айтып кетті. Себебі таулы аймақта салынып жатқан үйлер тұрғындар үшін аса ыңғайсыз.
Следующая →
- Сәтбаев даңғылындағы бұл үйлерге 2,6 млрд теңге бөлінген. Алайда ол қаржыға сай жұмыстар жүргізілмегенін көріп тұрмын. Маған ештеңені түсіндірудің қажеті жоқ. Барлығын көріп тұрмын, - деген әкім алдағы уақытта есеп айырысатынын білдірді. - Бұл үйлерде кем дегенде 1000 адам жұмыс істеу керек. Қыркүйекте келіп, бұл жерде қанша жұмысшы болғанын тексеремін.Драма театрдың артындағы бұл коммерциялық емес 5 үйді мердігер шілденің ортасында тапсыруға уәде берді. Қазір жұмыстың 80 пайызы орындалған. Ал сол жердегі тағы 2 көпбатты үйдің іргетасы наурыз айында қаланған. Бүгінде темірбетон қаңқасын орнату жұмысы жүргізіліп жатыр. Нысан 2020 жылдың қыркүйек айын-
да пайдалануға берілмек.
Сонымен қатар, облыс әкімі қазіргі қала ішіндегі ат спортын дамытып отырған ипподром кешенінің орнында болашақта үйлер тұрғызылатынын айтып кетті. Себебі таулы аймақта салынып жатқан үйлер тұрғындар үшін аса ыңғайсыз.
- Бұны 10-15 жыл бұрын ойлас-тыру керек еді. Мыңдаған алқап бос жатыр, бұлар тауды тегістеу үшін миллиардтаған ақша жұмсайды. Бұл қалалық әкімдікке ертең үлкен проб-лема туғызады. Әсіресе, қар басып, су тасқыны болғанда зардабын тартатын болады. Сол үшін алдағы жылдары ипподром орнында үйлер салынуы мүмкін. Ол жерде барлық инфрақұрылым желілері тартылған. Ал жарыс, сайыстар тек 3 жылда бір өтетіндіктен, ол шараларды Винное ауылындағы ипподромда да өткізуге әбден болады, - деді ол.Сонымен қатар, аймақ басшысы 1 қыркүйекке дейін үйлердің алдындағы жолдарды тегістеуді, барлық қоқыстарды тазартуды тапсырды.